Елордада тұрғын үйдің лифт тақтасын тепкен тұрғын жазаланады
Жарияланған күні:
Елордада тұрғын үйдің лифт тақтасын теуіп бұзған 27 жастағы тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.
Полицияға қала тұрғыны өтініш білдіріп, тұрғын үй кешенінің кіреберісінде тұрған белгісіз ер адам үй мүлкін бүлдіргенін, салдарынан лифт істен шыққанын хабарлаған.
"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бұзақының жеке басы анықталды. Ол 27 жастағы қала тұрғыны болып шыққан. Бұзақы ашуланғандықтан, масаң күйінде лифтінің таблосын ұрып, тепкен. Оның бұл әрекеттері камераға жазылып қалғаны дәлел болған", - деп жазылған басылымда.
Елордалық полицейлер қала тұрғынына қатысты “Бұзақылық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056838-elordada-turgyn-uidin-lift-taqtasyn-tepken-turgyn-zazalanady/