Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жер сілкінісі кезінде қажет болатын "дабыл чемоданын" қалай дайындау керек

Жарияланған күні:

Дабыл чемоданы
Дабыл чемоданы. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары зілзала кезінде қажет болатын "дабыл чемоданын" қалай әзірлеу керегін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Оқыс оқиғадан ешкім сақтандырылмаған. Төтенше жағдай туралы дабыл кез келген сәтте, кез келген жерде қағылуы мүмкін", - деген төтеншіліктер чемоданға не кіруі керегін айтты.

Мамандардың айтуынша, "Дабыл чемоданы" әрқашан дайын болуы үшін бұған алдын ала дайындық жасау керек.

"Бұған төтенше жағдайда қолдануға болатын заттар кіреді. "Дабыл чемоданы"

  • жеке басын куәландыратын құжаттары,
  • дәрі-дәрмек қобдишасы,
  • үш күнге жететін азық-түлік,
  • қол шамы,
  • оттық,
  • термокиім,
  • радио,
  • ауыз судың бірнеше күндік қорынан тұрады.

Ол төтенше жағдай кезінде сіздің өміріңізді сақтауды басты құралына айналады", - дейді ТЖМ мамандары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057030-zer-silkinisi-kezinde-qazet-bolatyn-dabyl-cemodanyn-qalai-daiyndau-kerek/