Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еңбек инспекциясы: Алматыда жер сілкінісі салдарынан өндірістік жарақат алғандар тіркелген жоқ

Жарияланған күні:

Тұрғындарды қабылдау пункттеріндегі адамдар
Тұрғындарды қабылдау пункттері. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еңбек инспекциясы Алматыда 23 қаңтарға қараған түні болған жер сілкінісі салдарынан өндірістік жарақат алғандар тіркелмегенін мәлім етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласының Еңбек инспекция басқармасы 23 қаңтарда барлық кәсіпорын мен ұйымдар штатты режимде қызмет етіп жатқанын және жер сілкінісіне байланысты өндірістік жарақат алғандар тіркелмегенін хабарлады.

"Басқарма қызметкерлері өндірістік объектілер бойынша жедел мониторинг жүргізілуде, сонымен қатар Басқармада (Достық көшесі, 85 үй, 319 кабинет) кезекші мемлекеттік еңбек инспекторлар еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар бойынша хабарламаларды қабылдап, тіркейді", - делінген хабарда.

Басқарма өкілдері жедел жәрдем станциялары мен Төтенше жағдай Департаментімен тығыз байланыста екенін, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардан зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057035-enbek-inspekciyasy-almatyda-zer-silkinisi-saldarynan-ondiristik-qirau-tirkelgen-zoq/