Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында дүниеге келген сәбиге боранды күні анасын тауып алған құтқарушының есімі берілді

Жарияланған күні:

Амангелді Доскенов
Амангелді Доскенов. Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Ақмола облысында Ерейментау ауданы жаңа туған нәрестеге ТЖБ бастығы Амангелді Доскеновтің есімі қойылды. Ол қарлы боран кезінде аязға қарамастан, сәбидің анасын тауып, аман алып қалған болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облыстық ТЖД мәліметінше, 10 қаңтарда Ерейментау ауданы ТЖБ бастығы Амангелді Доскенов аязға қарамастан, боранды күні анасы мен ұлын тауып алып, құтқарды.

Ол кезде әйел жүктіліктің 35-ші аптасында болған.

"22 қаңтарда Амангелді Доскеновке отбасының жақыны қоңырау шалып, оны ауруханадан шығарып алу рәсіміне шақырған. Отбасының нағыз мүшесі ретінде бала біздің батырымыздың қолына берілді. Балаға өзінің құтқарушысы – Амангелді есімі қойылды.

Дүниеге аман-сау келген бала отбасындағы жетінші бала. Баланың ата-анасы айтқандай 7 саны қазақтар үшін ерекше, қасиетті сан", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057206-aqmola-oblysynda-duniege-kelgen-sabige-borandy-kuni-anasyn-tauyp-algan-qutqarusynyn-esimi-berildi/