Зәулім үйлер мен көліктер: Антикор бас дәрігердің орынбасарының ұсталу сәті түсірілген видео жариялады
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖамбыл облысында аурухананың бас дәрігерінің орынбасары мен бұрынғы бас есепшіcі қамауға алынды. Бұл туралы бүгін Антикорда өткен брифингте хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның ресми өкілі Арман Тілеукенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті бюджет қаражатын ұрлағаны үшін "Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының көпсалалы ауруханасы" ШЖҚ КМК-ның лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын айтты.
"Шығын сомасы 758 млн теңгеден асады. Соттың санкциясымен күдіктілер - аурухана бас дәрігерінің орынбасары мен бұрынғы бас есепші қамауға алынды. Тергеу жалғасуда", - деді Арман Тілеукенов.
Ведомство ұсынған кадрларда күдіктілердің ұсталғанын, сондай-ақ зәулім үйлер мен көліктер көрсетеліген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057271-zaulim-uiler-men-kolikter-antikor-bas-darigerdin-orynbasarynyn-ustalu-sati-tusirilgen-video-zariyalady/