Антикор Нұрәлі Әлиевпен байланысы бар деген жер сілкінісін ерте хабарлау жүйесіне тексеріс жүргізеді
Жарияланған күні:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов журналистермен өткен брифингте Алматыда жер сілкінген кезде ерте хабарлау жүйесінен шыққан ақауға қатысты пікір білдірді. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде құны 1,1 миллиард теңге болатын жер сілкінісін ерте хабарлау жүйесін Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевке тиесілі компания жасағаны туралы ақпарат тараған еді.
Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов Агенттік әлеуметтік желілерде тараған ақпараттан хабардар екенін және жарияланымдарды көргенін айтты.
"Бұл факт бойынша Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің өтінішін тіркеп, материалдар тексеру жүргізу үшін уәкілетті органға жолданды.
Соның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады, шешім БАҚ пен жұртшылыққа хабарланады", - деді Тілеукенов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057273-antikor-nurali-alievpen-bailanysy-bar-degen-zer-silkinisin-erte-xabarlau-zuiesine-tekseris-zurgizedi/