"Дегенмен Токиода интернет жақсырақ": цифрлық даму вице-министрінің Қазақстандағы байланыс жөніндегі пікірі
Жарияланған күні:
Мәжіліс кулуарында цифрлық даму вице-министрі Мәлік Олжабеков Жапонияда дабыл жүйесі де, интернет те жақсы екенін айтты. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Журналистер жер сілкінісі жиі тіркелетін Жапонияда ескерту жүйесі бұрыннан және өте жақсы істеп тұрғанын айта келе, вице-министрден осы жөнінде пікірін сұрады.
"Дұрыс, жалпы Жапонияда бәрі жақсы. Әрине (ол елде де интернет те жақсырақ – ред. ескертпесі). Мен министріме қарсы сөйлеп тұрған жоқпын. Министрдің Астанада интернет Токиоға қарағанда жақсырақ деген пікірін былай түсіндіре аламын – өлшем бар, бұл өлшемдер ай сайын жүргізіледі және дәл сол айда, біз 5G-ді жаңа енгізе бастағанда рейтингті қадағалаушылар Астанада ол кезде байланыс сапасы Токиоға қарағанда жақсырақ болғанын айтты", - дейді Мәлік Олжабеков.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057292-degenmen-tokioda-internet-zaqsyraq-cifrlyq-damu-vice-ministrinin-qazaqstandagy-bailanys-zonindegi-pikiri/