Қазақстандық туроператорлардың бірі жұмысын тоқтатты: клиенттердің жағдайы не болмақ
Жарияланған күні:
TEZ.KZ туроператоры өз қызметін тоқтатты. Қазіргі таңда шетелде жүрген барлық клиентке компания тарапынан Қазақстанға оралуға көмек көрсетіледі, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Facebook парақшасында.
Азаматтардың шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі "Туристік Қамқор" КҚ ақпараты бойынша, TEZ.KZ туроператоры өз қызметін тоқтатты. Аталған туроператор Қазақстан азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қатысушысы.
Бүгінде бұл туроператордың көмегімен 300-ден астам қазақстандық турист шетелде демалып жатыр.
"Мәселені шешу үшін Туризм және спорт министрлігі мүдделі тараптармен жедел кеңес өткізді. Осылайша министрлік қолдауымен TEZ.KZ туроператорының барлық турисі туроператордың кепілдік жүйесінде жинақталған қаражаты есебінен Қазақстанға қайтарылады.
Кепілдендірілген қаражат қайтарылуы үшін туркод қажет. Туристерге туристік өнімде көрсетілген келу мерзіміне сәйкес, Қазақстанға оралуға арналған билеттер беріледі", – деп жазылған министрлік хабарламасында.
Министрлік мәліметіне сүйенсек, 2016 жылдан бастап туроператор сататын әрбір турда туркод болуы керек – бірегей әріптік-цифрлық мән.
Туркод Қазақстан Республикасының шекарасынан асқан кезден бастап қолдануға жарамды және туроператор өз міндеттемелерін орындай алған не орындай алмаған жағдайда дереу қайтарылуына кепілдік береді. Әр ұйымдасқан турист оны талап етуі керек.
Туристерге билетті қайтару бойынша барлық сұраққа байланысты мына нөмірлер арқылы қоңырау шалуға болады:
- "Туристік қамқор" КҚ директоры – Есилов Асылхан Бурамбекович, тел. 74-51-58, +7-701-534-05-08;
- ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің басқарма басшысы – Ауезов Меиржан Ибадуллаевич, тел. 74-07-71, +7-701-553-20-64.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057369-qazaqstandyq-turoperatorlardyn-biri-zumysyn-toqtatty-klientterdin-zagdaiy-ne-bolmaq/