Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда тергеушілерден қашып кеткен депутат қамауға алынды (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Эмиль Жамгырчиев
Эмиль Жамгырчиев. Видеодан кадр: t.me/news24kg

Қырғызстанда тергеушілерден жасырынып, парламент ғимаратынан қашып кеткен депутат 26 ақпанға дейін қамауға алынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Kaktus.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, Қызғызстан МҰҚК-нің тергеу изоляторына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы бойынша депутат Эмил Жамғырчиев 26 ақпанға дейін қамауға алынды.

Депутат қорғаушысымен бірге судьяның шешімімен келіспейтінін жеткізді. Сонымен қатар ол өзін кінәлі деп санамайтынын және өзіне тағылған айыптардың ешқайсымен келіспейтінін мәлімдеді.

Еске салайық, қаңтар айының басында Қырғызстан депутаты тергеушілерден жасырыну үшін парламент ғимаратының 2-қабатындағы кабинетінен секіріп кеткен болатын.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев қырғызстандық депутат Өзбекстаннан келген криминал авторитеті Салим Абдувалиевпен кездесу үшін ел шекарасын кесіп өткенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057399-qyrgyzstanda-tergeusilerden-qasyp-ketken-deputat-qamauga-alyndy-video/