Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура елімізде қанша адам іздеуде жүргенін мәлім етті

Жарияланған күні:

Полицей жауап алуда
Полицей. Көрнекі фото: polisia.kz

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 178 адам іздестіріліп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, қазіргі уақытта 10 178 адам іздеуде жүр, оның 2 098-ы хабар-ошарсыз жоғалғандар.

Құзырлы орган ақпараты бойынша жоғалған адамдардың көбі, яғни 278 адам Алматы қаласынан тіркелген. Қарағанды облысы бойынша 217 адам, Павлодар облысы 217, Алматы облысынан 152 адам іздестірілуде.

"1 572 адам ұйден кетіп, оралмаған, 73 адам автокөлікпен шығып жоғалған, 38 адам жұмыстан шыққан соң оралмаған. Көбінесе 30 -дан 49 жас аралығындағы ер адамдар (77 пайыз) әртүрлі жағдайларда жоғалған", - делінген мәліметте.

Сондай-ақ Бас прокуратура елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестіріліп жатқанын мәлім етті. Мамандардың зерттеуінше, іздеуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89 пайыз).

"Олардың ең көбі 526 адам алаяқтық , 309 адам ұрлық және 143 адам өлтіру дерегі бойынша іздестірілуде: Алматы қаласында 496 адам, Астана қаласында 183, Шымкент қаласында 149 адам, Алматы 164 адам, Қарағанды 148 адам облыстарында тіркелген", - деліген Бас прокуратура хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057465-bas-prokuratura-elimizde-qansa-adam-izdeude-zurgenin-malim-etti/