Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер Ақтөбе мектептеріне "шабуыл жасалады" деп ақпарат таратқан Telegram-арнаның авторын тапты

Жарияланған күні:

Полиция қызметкері
Полицей. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтөбе қаласының мектептерінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша полиция қызметкерлері жақын шетелдердің біріндегі 18 жастағы тұрғынды анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ПД-ның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

"Өңірдегі жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында. Алаңдауға негіз жоқ.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде Ақтөбе қаласындағы мектептерде қылмыс жасау қаупі туралы хабарлама таралғаннан кейін полиция оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, оның ішінде бейнебақылау жүйесі арқылы және олардың маңына полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейткен болатын.

Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында өткізу режимі бақылауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057591-policeiler-aqtobe-mektepterinde-oq-atu-zosparyn-zariyalagan-telegram-arnasynyn-avtoryn-tapty/