Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан қалалары арасында қалай тиімді саяхаттауға болады

Жарияланған күні:

Читать на русском
пойыз жолы
Пойыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандықтар туыстарына қонаққа бару үшін жұмыс бабымен немесе тіпті туристік мақсатта өзге қалаларға саяхаттайды. Осы орайда Қазақстан қалалары арасында қалай тиімді саяхаттауға болатынын KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Соңғы жылдары қазақстандықтар өз елінде жиі саяхаттай бастады: бұған көбіне пандемия әсер еткен болуы мүмкін. Әсіресе түрлі көлік тасымалына жүгінетіндер саны артты.

Бұл ретте inDrive.Межгород сервисінің зерттеуі бойынша, 2023 жылы қазақстандықтар (60 пайызы) көбіне отбасылық себептерге бола саяхаттаған.

inDrive.Межгород зерттеушілері Қазақстан қалалары арасында саяхаттауға қанша қаражат кететінін білу үшін Павлодар мен Астана арасындағы сапарға кететін шығынды есептеп көрді.

Пойыз

"Бұл алыс сапарға арналған классикалық көлік түрі. Пойызда әр түрлі дәрежелі вагондар, дәретхана бар, әрі автокөлікпен салыстырғанда ұйықтап, тынығуға болады. Пойыз билеттеріне деген сұраныс әсіресе қыста артады, өйткені ол ауа райына қарамастан түрлі бағыт бойынша қатынап, жұмысын жалғастыра береді", – деп жазылған зерттеуде.

Осы орайда пойыз билетінің құны орын түріне байланысты әрқалай болады:

  • отырып баратын орындардың құны – 3000 теңгеден басталады;
  • купе – 6 000 теңгеге дейін.

Басқа көлік түрімен салыстырғанда пойызбен саяхаттау арзанырақ.

Сондай-ақ пойыздың мынадай артықшылықтары бар:

  • ыңғайлылығы – купе алған жағдайда сіз жатып, тыныға аласыз немесе астанып, тіпті шай ішіп алуға болады;
  • қауіпсіздік пен тұрақтылық – пойыз автокөлік, ұшақтармен салыстырғанда кез келген ауа райында жүре береді, әсіресе қыста жүретіні қолайлы.

"Бірақ бұл көлік түрінің кемшіліктері де бар.

Мысалы, таңдалған рейске байланысты жол жүру уақыты 6 сағаттан 10 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Сондай-ақ кейбір пойыздардың келу-кету уақыты қолайсыз. Сапарыңызды жоспарлау кезінде осыны ескерген жөн", – деп кеңес береді inDrive.Межгород.

Бұған дейін орын қалмаған жағдайда пойызға билет сатып алу жолы қандай екенін жазған едік.

Электр пойызы

Электр пойызы кәдімгі пойызбен салыстырғанда ыңғайсыздау, дегенмен көптеген заманауи электр пойызында бұл кемшілік жойылған. Дереккөз мәліметіне сүйенсек, мұнда бір орын құны – 4000 теңге.

"Артықшылықтарының ішінде – бағасы қолжетімді: дәл пойыздағы отырып баратын орындар сияқты арзан болмағанымен, өзге көліктермен салыстырғанда әжептеуір арзан.

Сондай-ақ электр пойыздары да кәдімгі пойыздар сияқты өзге көлік түрлерімен салыстырғанда кез келген ауа райында жұмыс істей береді", – деді зерттеушілер.

Кемшілігі жол жүру уақытында. Электр пойызымен жету 7 сағатты алады, бұл отырып баратын жолаушыға ыңғайсыз болуы мүмкін.

Такси

"Бұл көлік түрі көптеген адамға таныс, ол кез келген жерге, тіпті өзге қалаға жылдам әрі оңай жеткізеді. Жолаушылар такси қызметіне көбіне жылы мезгілде жүгінеді", – деп жазады inDrive.Межгород зерттеушілері.

Өзге қалаға таксимен жету құны қызмет түріне байланысты бір адамға 8 000 теңгеден басталады. Ал бүкіл көлік салонына тапсырыс берілсе, таксистер 65 000 теңгеге дейін сұратуы мүмкін.

Таксидің мынадай артықшылықтары бар:

  • қолайлылық – жүргізуші жолаушыны "есіктен есікке дейін" жеткізіп сала алады. Сонымен қатар такси көп жүгі бар адамдар үшін қолайлы;
  • жылдамдық – қолайлы ауа райы кезінде жол жүру уақыты 5 сағаттан аспайды;
  • өз ыңғайыңа икемдей алу – егер автобустар мен пойыздар қатаң кесте бойынша ғана жұмыс істесе, таксистерді кез келген ыңғайлы уақытқа шақыруға мүмкіндік бар.

Алайда бұл көлік түрімен қатынаудың өз кемшіліктері бар. Мысалы, қыста ауа райы қолайсыздығына байланысты жолаушының сапары ұзаққа созылуы әрі қауіпті болуы ықтимал. Осылайша қыс мезгілінде көбіне таксимен бір қаладан екінші қалаға жету қиындай түседі.

Ұшақ

"Ұшақ – Павлодардан Астанаға жетудің ең жылдам жолы, бірақ қазақстандықтар бұл көлік түрімен ел ішінде онша көп саяхаттай қоймайды. Себебі көбіне әуеде емес, әуежайда ұзақ уақыт жоғалтасыз.

Сондай-ақ ұшақпен саяхаттау құны өзге көлік түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары", – деп атап өтті қызмет зерттеушілері.

Ұшақпен жету бағасы – 10 000 теңге. Артықшылығы жолға аз уақыт жұмсалатынында (бір бағытта 40 минут, кері бағытта 50 минут). Сондай-ақ ұшақпен ұшу аса ыңғайлы.

Кемшіліктері – жолаушының багаж салмағы мен өлшеміне байланысты шектеулер бар, артық жүк үшін қосымша ақы төлеуге тура келеді. Сонымен қатар ұшақпен ұшу үшін қолайлы ауа райы болуы қажет – қыста ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер кейде шегерілуі немесе тіпті тоқтатылуы мүмкін.

Көлік түрін таңдаған кезде бағасына ғана емес, жол жүру уақыты, қауіпсіздігі, жеке жүгіңіздің сыйымдылығы әрі ыңғайлылығы сынды факторларға назар аудару қажет.

Сондықтан әр түрлі жағдайға (жыл мезгілі, ауа райы, жол жүру уақыты және т.б.) байланысты алыс сапарға шығар кезде көлік құралының бағасы арзан болғанымен, ол сіз үшін тиімді болмауы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057630-qazaqstan-qalalary-arasynda-qalai-tiimdi-sayaxattauga-bolady/