Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқан автор ұсталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Телефон ұстап отырған адам
Телефон ұстап отырған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыдағы жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқан авторлардың бірін полицейлер анықтады. Оған қатысты тергеу басталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бұған дейін хабарланғандай, қоғамда және әлеуметтік желілерде негізсіз дүрбелең мен үрей тудырған жалған хабарламалардың авторларын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда авторлардың бірі 1995 жылы туған азаматша екені анықталды. Оның әрекетіне қатысты құқықтық бағалау жүргізіледі.

Осыған байланысты күмәнді ақпаратты таратуға үлес қоспауға, сонымен қатар тек ресми дереккөздерден алынған деректерге сенуге шақырамыз", - деп хабарлады Алматы қаласы ПД өкілі NUR.KZ тілшісіне.

Полицейлер Қылмыстық кодекстің 274-бабының 2-бөлігіне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін және онлайн платформаларды пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін мынадай жазалар көзделгенін атап өтті:

  • 3 мың АЕК (11 млн теңге) мөлшерінде айыппұл салу;
  • 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту;
  • 3 жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057772-almatydagy-zer-silkinisi-turaly-zalgan-aqparat-taratqan-avtor-ustaldy/