Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бурабайдағы орман алқабы ұлғаяды

Жарияланған күні:

Бурабайдағы орман алқабы
Бурабайдағы орман алқабы. Фото: ҚР президентінің іс басқармасы

"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде биыл 520 мың түп тал егу жоспарланып отыр. Нәтижесінде орман алқабы жас көшеттердің есебінен 65 гектарға ұлғаюға тиіс. Бұл туралы Қазақстан президенті іс басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ұлттық парк қызметкерлері былтыр да 500 мыңнан астам қарағай мен қайың өскінін отырғызған болатын. Көшеттер парктің 1960 жылы ашылған тәлімбағында өсіріледі. Қайың мен қарағайдан бөлек, мұнда қарақат, алма, таңқурай, үйеңкі және бөріқарақат сынды ағаштар егіледі.

"Жыл сайын инспекторлар қараша айынан қаңтарға дейін орманнан қарағайдың бүршігін тереді. Бұл жұмыс биыл да уақтылы жүргізілді. Жиналып, бірнеше күн кептірілген тұқым қазір тәлімбақтағы температурасы мен дымқыл деңгейі реттелетін жабық орында, арнаулы камераларда сақтаулы тұр. Көктемге салым бүр жара бастаған бүршіктерді топыраққа сеуіп, тыңайтқыш салу, арамшөбін тазалау сынды агротехникалық жұмыс жүргізіп, екі жыл баптаймыз. Содан кейін ғана тамыр жая бастаған, сабағы бірнеше сантиметрге жеткен өскін жабайы табиғат аясында өсіруге болады", - дейді Ұлттық парктің орман мен өсімдіктер әлемін қорғау және жандандыру бөлімінің бастығы Александр Ковалев.

Оның айтуынша, әдетте, көшет сәуір айының соңына қарай егіледі. Нәзік өскін жаңа топырақты жерсінуі үшін тәлімбақтан тамырындағы микрофлорасымен бірге әкеліп отырғызады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде 5 жылда 2 млрд түп ағаш отырғызу туралы кешенді жоспар жүзеге асырылып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057842-burabaidagy-orman-alqaby-ulgayady/