Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құжаты мен келбетін өзгерткен": Көкшетауда 90-жылдардағы қылмыстық топтың соңғы мүшесі ұсталды (видео)

Жарияланған күні:

Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Видеодан кадр: polisia.kz

Ақмола облысының полицейлері 90-жылдардағы қылмыстық топтың соңғы мүшесін 26 жылдан кейін ұстады. Бұл туралы Polisia.kz Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Ведомство ақпаратынша, банда мүшелері төрт адамды өлтірді, жүргізушілерді тонап, шабуыл жасады, экономикалық контрабандамен айналысты, билік өкілінің немесе лауазымды тұлғаның атағын өз бетінше тағайындады деп айыпталған.

"1998 жылдан бастап милиция қызметкерлерінің нысанды киім-кешектерін киіп алып, автоматты атыс қаруымен қаруланған қылмыскерлер қала сыртындағы автожолдарда жезлдің көмегімен автокөліктерді иемдену мақсатында тоқтатып, жүргізушілер мен олардың жолаушыларын атып тастайтын. Денелерді орман алқаптарына көму арқылы жойып, ал автокөліктерді заңсыз сатқан", - делінген полиция ақпаратында.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 1999 жылы банданың төрт мүшесін полиция ұстады. Кейіннен сот үкімімен олардың екеуі өлім жазасына кесіліп, екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Алайда топтың бір қатысушысы құжаттарын, тегін, атын, әкесінің аты мен туған жылын, келбетін өзгертіп, құқыққорғау органдарынан 26 жыл бойы жасырынып келген.

"Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында жедел-іздестіру іс-шаралары мен ұзақ әзірлемелердің нәтижесінде, топтың соңғы қатысушысы Көкшетау қаласында ұсталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу рәсімдері жүргізілуде", - деп хабарлады тәртіп сақшылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058202-quzaty-men-kelbetin-ozgertken-koksetauda-policiyadan-26-zyl-zasyryngan-kudikti-ustaldy-video/