"Енді түнгі ұйқы 1 сағатқа ұзарады": қазақстандық ғалым жаңа уақытқа қалай үйрену керегін айтты (видео)
Жарияланған күні:
Елдегі бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты зерттеу жүргізген ғалым, биотехнолог Әмір Қуат жаңа уақытқа қалай үйрену керегі жайлы кеңесін айтты. Ғалымның сұхбаты "Таңшолпан" бағдарламасында жарияланды.
Қазақстандық ғалым Әмір Қуат жаңа белдеуге үйрену оңай еместігін атап өтті.
"Қазақстанның түрлі аймағынан осы сағаттық белдеу ауысатынына байланысты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Астанада тұрып, Ақөбеге барғанда оятқышым таңғы сағат жетіде шырылдайтын. Таңғы сағат жетіде тұру қиын ол жақтың сағатымен қиын. Әрең-әрең үйрендік. Бірақ келесі жолы Ақтөбеге келгенде UTC +5 уақытымен жүру жеңілдеді", - дейді ол.
Оның сөзінше, UTC +5 уақытында түнгі ұйқы бір сағатқа ұзарады. Алайда сағат белдеуінің ауысуы әсіресе, үлкен адамдарға қиын болуы мүмкін, дейді ол. Әмір Қуат жаңа уақыт белдеуіне үйрену үшін кеңестерін айтты.
"Алдымен 15 минутқа ерте ұйықтауды бастау керек. Екі күн сайын 15 минуттан қосып отыру керек. Бір мезетте емес, бір аптаның ішінде организмді осылай ақырын үйреуге болады. Енді түнгі ұйқы 1 сағатқа ұзарады. Адамдар жеңіл, сергек оянады", - деді Әмір Қуат.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058205-qazaqstandyq-galym-zana-uaqytqa-qalai-uirenu-kerektigin-aitty-video/