Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Жарияланған күні:
Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағандыда екі адамның өліміне әкеп соқтырған газ балонының жарылуынан кейін қазақстандықтарға үндеу жасады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
ТЖМ бүгін түнде Қарағанды облысының Ботақара кентінде 2 қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде жарылыс болып, 2 қаза тапқаны мен бес тұрғынның жарақаттанғанын еске салды.
Осы тұрғыда ведомство өкілдері газ баллондарының жарылуына көп жағдайда қауіпсіз пайдалану талаптарын және газ жабдығын қолдану ережелерін бұзу, олардың дұрыс жұмыс істемеуі себеп болатынын жеткізді
ТЖМ азаматтарды газ баллондарын пайдалану ережелерін қатаң сақтауға шақырады:
- баллондарды тек тұрмыстық баллондарды толтыруға арналған мамандандырылған пункттерде толтыруды жүзеге асырыңыз;
- екі қабаттан асатын тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдаланбаңыз;
- баллон корпусының қызуына жол бермеңіз;
- үй-жайда газдың иісі пайда болған кезде газ беру кранын жауып, үй-жайды желдету үшін терезелер мен есіктерді дереу ашу, ашық отты пайдаланбау, электр қуатын қоспау керек;
- жұмыс істеп тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз;
- балаларға газ құралдарын пайдалануға жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;
- газдың ағып кетуін тексеру үшін ашық отты пайдаланбаңыз: бұл мақсатта сабын ерітіндісін қолданыңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058318-totense-zagdailar-ministrligi-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/