Алматыда алаяқтар жоқ тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сатып, елді алдаған
Жарияланған күні:
Алматыда тұрғын үй кешенінің үлескерлері алаяқтық туралы хабарлады. Зардап шеккендер ақша салғанымен, үйдің құрылысы әлі де басталмаған, деп хабарлайды ІІМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Тұрғын үй кешенінің үлескерлері Бостандық аудандық полиция басқармасына арызбен жүгінді.
"Жәбірленушілердің айтуынша, "Flora city stroy" ЖШС басшысы жоқ тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сатумен айналысқан: ол алдын ала келісімдер жасаған, бірақ тұрғын үй кешенін салуға ұсынылған жерде құрылыс жұмыстары жүргізілмеген", - деді деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.
Оның айтуынша, пәтер үшін азаматтар 5 миллион теңгеден 20 миллион теңгеге дейін бастапқы жарна төлеген.
Тергеудің қазіргі сатысында қылмыстық іс бойынша 15 адам бар. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058335-almatyda-alayaqtar-zoq-turgyn-ui-kesenindegi-paterlerdi-satyp-eldi-aldagan/