Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ірі базардың сатушылары шу шығарды

Жарияланған күні:

Саудагерлер
"Бақорда" базарының кәсіпкерлері. Фото: almaty.tv

Алматыдағы Бақорда базарының сатушылары сауда орнының әкімшілігі жалға алу құнын екі есеге өсіріп жібергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Телеарна тілшілеріне олардың кейбірі бір орынды 4-5 миллион теңгеге сатып алып, кейін ай сайын тағы ақша төлеп отырғанын айтқан.

"Әр шаршы метрін 2200 теңгеден еептегенде, 200 шаршы метр аумақты жалға алып отырмын. Жұмысшыларымыз бар. Айына 500 мың теңгеге жуық төлеп келдім", – деді жалға алушылардың бірі.

Саудагерлер жалға алу құнын барынша төмендету үшін базар әкімшілігінің алдына жиналған. Алайда оларға жауап беру үшін ешкім шықпаған. Сапасы сын көтермей тұрған базардағы саудагерлердің басын қатырып отырғаны кәсіпкерлермен жасасқан келісімшартта бағаның жыл санап өсетіні көрсетілген, бірақ нақты қанша пайызға көтерілетіні жазылмағаны.

"2019 жылдан бері осы жерді жалға алып, жиһаз жасаймыз, кесеміз. Қызмет көрсетеміз. Сауда жасап жатқан жоқпыз, қызмет көрсетеміз. Бізде шығын да көп", – деді сатушылар.

Кейінірек саудагерлерге өзін базар әкімшісімін деп таныстырған әйел жақындаған. Ол кәсіпкерлердің өзін кінәлап шықты. Сауданың жүрмей тұрғанына саудагерлер жауапты, дейді. Бірақ баға неге аспандап кеткенін түсіндірмеген.

"Бұл кісілерге жылына жалға алу құны бір рет көтеріледі деп ылғи ескертемін. Тұтынушы келген кезде 80 пайызы жабық тұрады. Әрине, қойма сияқты көрінеді. Ал енді жалға алу құнын көтерген кезде, жылап отыр. Әрине, жылайды, сауда жоқ. Жарнаманы әркім өзі жасап жатыр. Бәрі онлайн жұмыс істейді", – деді базар әкімшісі.

Қазіргі уақытта талабын айтып, тыңдата алмаған кәсіпкерлер бұлай жалғаса берсе, бәріміз жабылып тынамыз деп отыр. Сондықтан базар басшылығымен тікелей жолығып, келісімшарт жасамақ. Ал келер айда бағаның нақты қаншаға өсері әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058357-almatydagy-iri-bazardyn-satusylary-su-sygardy/