Қостанайлық тұрғын таксиде шу шығарды: көлік жүргізушісі видеоүндеу жариялады
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚостанайлық такси жүргізушісі қазақстандықтарға қолдау білдіргені үшін алғыс айтты. Сондай-ақ ол көлігінде шу шығарған әйелді қараулауды тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қостанайлық такси жүргізушісі Instagram желісінде Қазақстан халқына видеүндеу жолдады.
Ер адам қолдау білдірген жерлестеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ ол әйелді және оның жақындарын қаралауды тоқтатайық деп өтінді.
"Бұл тек осы әйелге қатысты емес, оның жақындары да осы жағдайға байланысты буллингке ұшырамау керек", - деді ол.
Әлішер Бердіғожинов дау туғызған видеоны өзі жария етпегенін айтты. Ол видеоны таныстарына ғана жібергенін, ал видеоны интернетке кім таратқанын білмейтінін жеткізді.
"Бұл жағдайды жариялағым да келмеген. Видеоны таныстарыма жібердім, біреу бұл видеоны интернетке салып жіберген. Менде оған еш реніш жоқ және оның алдында кешірім сұрамаймын, өйткені ол бұған лайық емес.
Алдағы уақытта кез келген жағдайға дайын болыңыз. Бастысы, ар-ұжданымның таза екенін өзім үшін түсіндім. Барлығына сәттілік тілеймін, мұндай жағдайға тап болмаңыздар", - деді ол видеоүндеуінде.
Еске сала кетейік, кеше Қостанайда такси жүргізушісінің көлігінде шу шығарған әйелдің видеосы желіде тарап кеткен болатын. Ол полицияға қоңырау шалып, жүргізушінің қате мекенжайға келгенін айтып, артынша жылап жіберген. Ауа жетпей тұншыққандай, такси жүргізушісі оны балағаттағандай, қорлап жатқандай кейіп танытып, полициядан оқиға орнына келіп, көмектесуін өтінеді.
Кейін такси жүргізушісін тиісті деп айыптаған әйелге арнайы қызметке жалған мәлімет беріп қоңырау шалғаны үшін 110 760 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058531-qostanailyq-turgyn-takside-su-sygardy-kolik-zurgizusisi-videoundeu-zariyalady/