Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да ауыл әкімі мас күйде көлік тізгіндегені үшін қамауға алынды (видео)

Жарияланған күні:

Құқықбұзушының бейнекамераға түсіп қалған сәті
Құқықбұзушының бейнекамераға түсіп қалған сәті. Фото: aqmola_pd

Бірнеше күн бұрын ер адам мас күйде көлік тізгіндегені үшін 15 күнге қамауға алынған болатын. Ол СҚО-дағы ауылдық округтің әкімі болып шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ереже бұзған адам бейнебақылау камерасына түсіп қалған сәттің видеосын Ақмола облыстық ПД-нің Instagram желісінде жарияланды.

"27 қаңтарда түнгі сағат 22.40 шамасында Көкшетау қ. П Б ЖБО қызметкері бейнебақылау камераларының көмегімен Халық банкі маңындағы Ғабдуллин мен Әуелбеков көшелерінің қиылысында мас болып көрінген адамды байқады, содан кейін ол "Лада Приора" ВАЗ маркалы а/к рөліне отырып, орнынан қозғалды.

Жол қозғалысына қатысушыларға қандай қауіп төндіретінін түсінген ЖБО инспекторы аталған көліктің соңынан ерген патрульдік полиция қызметкерлеріне дереу нұсқау берді. Автокөлік Баймұқанов көшесі, 118-де тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Жүргізуші ұсталып, наркологиялық диспансерге жеткізілген. Сараптама нәтижелері бойынша құқықбұзушының ауырлығы орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігі бойынша "Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамға беру" әкімшілік хаттама жасалды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

СҚО тұрғынының айтуынша, ол Көкшетау қаласына мерекеге келіп, көлікті тұраққа қоюды ұйғарған, алайда Көкшетау қаласының тәртіп сақшылары дереу ережебұзушылықты анықтап, оны жауапқа тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058544-sqo-da-auyl-akimi-mas-kuide-kolik-tizgindegeni-usin-qamauga-alyndy-video/