Астанада оқушы қызды жабылып зорлау оқиғасына қатысты оқу-ағарту вице-министрі түсінік берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомОқу-ағарту вице-министрі Наталья Жұмаділдаева сенат кулуарында Астанада оқушы қыздың зорланғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Егер қандай да бір құқықбұзушылық құқықтық зерттеуге түссе, ресми шешім қабылданып, айып тағылғанға дейін ешкімнің бұл ақпаратты таратуға құқығы жоқ екенін айтқым келеді. Сондықтан құқықтық салада кінәлілер анықталып, жауапкершілік нақты белгіленсе, содан кейін біз мұндай мәселелер бойынша пікір білдіре аламыз.
Ал заң саласының сол нормасына қайта оралсақ, (телефонға тыйым салу – ред.) тек сабаққа ғана қатысты, ал басқа кез келген уақытта баланың телефоны болса, оны пайдалана алады. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық - тұрмыстық, жыныстық, қорлау, моральдық - бұл бағытта біздің тарапымыздан көптеген жұмыс атқарылуда.
Ал біз ата-аналарға оларда болуы керек алгоритмді ұсынамыз. Бүгінде, әрине, мемлекеттік саясатты қалыптастыратын сала ретінде, оның ішінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін орган ретінде біз мұны құқықтық және нормативтік-құқықтық сала бойынша жасаймыз", - деді вице-министр.
Ол зорлық-зомбылық мәселесі бірінші кезекте отбасылық тәрбиеге қатысты екенін айтты.
"Егер біз қоғамда да, отбасында да кез келген зорлық-зомбылыққа қарсы саясатты дамытатын болсақ, әрине, біз бұл фактілерден алыс боламыз", - деді Жұмаділдаева.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада оқушы қыздың зорланғаны туралы деректі Астана қалалық полиция департаменті де растап, Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058652-astanada-oqusy-qyzdy-zabylyp-zorlau-oqigasyna-qatysty-oqu-agartu-vice-ministri-tusinik-berdi/