Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігі Оралдағы митинг туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Читать на русском
ІІМ қызметкерлерінің иық белгісі
ІІМ қызметкерлерінің иық белгісі. Көрнекі фото: t.me/POLICE_of_KZ

Желіде Оралда сырттан әкелінетін көліктерге утиль алымды алып тастауды талап еткен көлік иелерінің митингісі өтіп жатқаны туралы ақпарат жазылған видео тарады. Бұл ақпаратқа Ішкі істер министрлігінің өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде Оралда митинг өтіп жатқаны туралы ақпарат тарады. Онда көлік иелері сырттан әкелінген көліктерге утиль алымды алып тастауды талап етіп митингке шыққаны жазылған.

Полиция бұл ақпаратты растамады. Ведомство мәліметінше, мемлекеттік органдардың өкілдері Оралда көліктері шетелде тіркелген көлік иелерімен көлікті заңдастыру мәселелері бойынша кездескен.

"Кездесуге мемлекеттік органдардың өкілдері мен 120-ға жуық автокөлік иесі қатысып, оларға Қазақстан аумағында шетелде тіркелген автокөліктерді заңдастыру және тіркеуге қатысты кеңестер берілді. Кездесу барысында қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ. Кездесу аяқталған соң қатысушылар тарқап кетті.

Алайда әлеуметтік желілерде Оралда утиль алымға келіспейтін көлік иелерінің митингі өтіп жатыр деген ақпарат тарай бастады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген ІІМ хабарламасында.

Бұған қоса полиция өкілдері қазақстандықтарға көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058906-iski-ister-ministrligi-oraldagy-miting-zonindegi-aqparatqa-qatysty-malimdeme-zasady/