Ақтөбеде магистратураға түсіремін деген әдіскер 11 адамнан 1 млн теңгеге жуық ақша алған
Жарияланған күні:
Ақтөбеде магистратураға түсуге көмектесемін деп 11 адамға жалған уәде беріп, ақша алған әдіскер ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады.
Басылымы мәліметінше, полицияға облыстың бірнеше тұрғыны белгісіз әйелге алданғаны туралы арызданды.
Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті өзі әдіскер болып жұмыс істейтін Ақтөбедегі жоғары оқу орнына магистратураға түсуге көмектесуге уәде беріп, олардан белгілі бір сомаға ақша алған, алайда уәдесін орындамаған.
"Қазіргі уақытта күдіктіге 300 мыңнан 1 млн теңгеге дейінгі сомада ақша берген 11 жәбірленуші анықталды. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ІІМ өкілдері.
Полиция департаменті жоғары оқу орындарының магистратурасына оқуға түсу конкурстық негізде жүргізілетінін, ал ақшалай сыйақыға түсу заңсыз екенін еске салды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059188-aqtobede-magistraturaga-tusiremin-degen-adisker-11-adamnan-1-mln-tengege-zuyq-aqsa-algan/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.