Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тілінің ұзындығынан": депутат тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әйелдердің де кінәсі барын айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ажырасу
Неке жүзігін шешіп отырған әйел. Көрнекі фото: pexels.com

Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы таныстырылымында мәжіліс депутаты Анас Баққожаев зорлық-зомбылыққа көбіне әйелдердің өздері кінәлі екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Заң жобасында ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

"Ұсынылып отырған заң жобасын қолдаймын. Еркектердің ең сорлысы әйелдерге қол көтереді. Дегенмен ұрыс-керістің бәрі ұрудан шықпайды. Еркектерді де түсінуіміз керек. Жанжал неден туындайды? Әрине, әйелдің тілінің ұзындығынан. Әйелдер кешірсін мені, бірақ мұндай фактілер бар: қазақта мынадай мақал бар: "Жақсы әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс", "Ерге жаққан әйел елге де жағады" дейді.

Оның айтуынша, қоғам қазақы тәрбиеден алыстап барады.

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха өз ұстанымымен келіспейтінін жеткізді.

"Әйел қателессе, физикалық жолмен емес басқа жолмен де түсіндіруге болады. Егер әйел жарақат алған боласа болса, жауапкершілікке тартылуы керек. "Кім кінәлі, кім кінәлі емес, бұл істерді жасамай тұрып шешілуі керек, қылмыс жасалды ма, жауапкершілік болуы керек", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059253-tilinin-uzyndygynan-deputat-turmystyq-zorlyq-zombylyqqa-aielderdin-de-kinasi-baryn-aitty/