Қазақстанда апта аяғына дейін аяз бен боран болады
Жарияланған күні:
Қазақстанда атмосфералық фронттар әсерінен қолайсыз ауа райы жалғасуда, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ
Алдағы күндері Қазақстан кезекті Атлантикалық циклонмен байланысты атмосфералық фронттардың әсерін сезінеді.
"Бұлтты және желді ауа райы күтілуде, еліміздің солтүстігінде желдің екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с күшейеді, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, солтүстік аймақтарда қатты қар, бұрқасын болады деп болжануда.
Сондай-ақ циклон ауа температурасында қысқа мерзімді жылынуды әкеледі, бұл аяздың күрт төмендеуімен алмасады", - делінген мамандардың болжамында.
Еліміздің батысы мен солтүстік-батысында 10 ақпанға қарай ауа температурасы түнде 12-20 аязға дейін төмендейді деп күтілуде. Республиканың қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059679-qazaqstanda-apta-ayagyna-deiin-ayaz-ben-boran-bolady/