Алматыда 130 көпқабатты үй газсыз қалды
Жарияланған күні:
Алматыда газ шығуы орын алып, салдарынан бірнеше ауданның тұрғындары жылусыз қалды, деп хабарлайды "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алматыда орын алған газ шығуы салдарынан 130 көпқабатты үй мен 18 жер үйде газ өшірілді.
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы филиалының газ желілерін пайдалану қызметі келесі мекенжайлар бойынша газдың шығуын анықтады: Бөгенбай батыр көшесі 103. Пушкин және Мұзтау шағын ауданы.
"7 ақпан күні кешкі уақыттан бері газды тамақ пісіру үшін қолданатын Құрманғазы – Панфилова – Қайырбекова – Төле би көшерелінде көпқабатты 130 үйде және жеке сектордағы 18 үйде газ өшірілді. Мұзтау шағын ауданында да өшіру жұмыстары жүргізілді", - делінген ресми хабарламада.
Компания өкілдері газ беру 8 ақпанда сағат 14.00-ге дейін қалпына келтіріледі деп уәде етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059755-almatyda-130-kopqabatty-ui-zylusyz-qaldy/