Астанадағы жоғары оқу орындарының бірінде шатырды жел ұшырып әкетті (фото)
Жарияланған күні:
Читать на русскомКеше, 8 ақпанда Астанада қатты жел салдарынан Қазақ агротехникалық университеті ғимаратының шатыры ұшып кеткен. Оқу орнының баспасөз қызметі бұл ғимаратты жөндеу жұмыстары көктемде басталады деп жоспарланғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Instagram желісіндегі astana_brothers паблигінде ҚазАТЗУ ғимараттары бірінде шатыр қирап қалғаны түсірілген фотолар пайда болды.
Кадрлардан ғимарат шатырының бір бөлігі жоқ екені көрінеді.
Елордалық төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі мәліметінше, қызметкерлер 8 ақпанда сағат 16:40-та Әлия Молдағұлова көшесі, 27 мекенжайына жеткен.
"Екпінді желдің салдарынан Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің екі қабатты ғимаратының төбесі алдын ала алынған мәлімет бойынша 15 шаршы метр аумақта жартылай қираған", - делінген хабарламада.
Оқиға орнына Астана қалалық ТЖД жеке құрамының 6 адамы мен 2 техникасы шыққан. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бұл оқиғаға қатысты университеттің баспасөз қызметі де түсінік берді. Шатыры ұшып кеткен ғимаратта агрономия факультеті орналасқан.
"Төбесіне зақым келген ғимарат 1931 жылы салынған, ал кейінгі қалпына келтіру жұмыстары 1957 жылы жүргізілген.
2023 жылы жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, сараптамадан өткенін хабарлаймыз. Ал биыл көктемде бұл ғимараттың шатырын күрделі жөндеу жоспарланған болатын", - дейді университет өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060147-astanadagy-zogary-oqu-oryndarynyn-birinde-satyrdy-zel-usyryp-aketti-foto/