Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жомарт Ертаевтың ісі: сотталушылардың бірі бостандыққа шықты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Изолятор
Изолятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

144 млрд теңге сомасындағы қаражат ұрлау ісі бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шыққаны белгілі болды. Бұл ақпаратты ІІМ ҚАЖД өкілдері растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет Бақыт Ибрагимнің тергеу изоляторында болған уақытын ескере отырып, жазасын өтеуіне байланысты бостандыққа шыққанын хабарлады.

Бұл іс бойынша сотталған Жомарт Ертаев қазір Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысына қарасты Қылмыстық атқару жүйесінің №72 мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

ҚАЖД өкілдері сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініштерін қарау әділет органдарының құзыретіне кіретінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060193-zomart-ertaevtyn-isi-sottalusylardyn-biri-bostandyqqa-syqty/