Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жол жабылды": Асы обсерваториясының жанында қар көшкіні жүрді

Жарияланған күні:

Қар көшкіні
Оқиға орны. Фото: ТЖМ

Алматы облысындағы Асы обсерваториясының жанында қар көшкіні жүріп, облыстық маңызы бар "Түрген ауылы - Батан" автожолын бөгеген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

11 ақпанда сағат 09:10-да Алматы облысы ТЖД Еңбекшіқазақ ауданында қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты таулардың баурайында жалпы көлемі 67,5 текше метрді қар көшкінінің өздігінен түскені туралы хабарлама келіп түсті.

"Қар көшкіні облыстық маңызы бар "Түрген ауылы - Батан" автожолын бөгеген. Автожолды тазарту жұмыстарын Қазселденқорғау күштері жүргізуде. Түрген өзенінің арнасы бойынша су кедергісіз өтуде. Зардап шеккендер мен қираулар жоқ", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, азаматтардың қауіпсіздігі және автокөліктің жол қозғалысын реттеу мақсатында белгілі бір уақытқа автожолдар жабылған.

"2024 жылғы 1 мамырға дейін Есік қаласы Есік көлі және Түрген автожолының 15 километрінен 41 километріне және Түрген ауылы-Батан-Асы обсерваториясы автожолының 20 шақырымынан 41 шақырымына дейінгі жол жабылды", -деп хабарлады ТЖМ-нан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060344-zol-zabyldy-asy-observatoriyasynyn-zanynda-qar-koskini-tusti/