Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында 19 жастағы қыз сотқа жүгініп, әкесінен жоғары оқу ақысын төлеуді талап еткен

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қыз
Сурет салып отырған қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

19 жастағы қыз әкесінен жоғары оқу ақысын төлеуді талап етіп, сотқа жүгінді. Студент қыз әкесі 21 жасқа дейін материалдық жағынан көмектесуге міндетті екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Успен аудандық сотына сілтеме жасап.

19 жастағы қыз әкесінің үстінен шағым түсірген. Ол соттан әкесінен 21 жасқа толғанға дейін оқуы және асырау үшін алимент өндіруді сұрады. Қыз университетте күндізгі бөлімде оқиды, сондықтан қаржылық қолдау қажет екенін айтқан.

Студент пен әкесі сөйлесіп, істі бейбіт жолмен шешуді ұйғарған. Келісім бойынша ер адам қызының жоғары оқуына ақша төлеуге, сонымен қатар оқу кезінде оған қаржылай көмектесуге келіскен.

"Сот отырысында тараптар сотқа медиациялық келісімді ұсына отырып, істі медиация тәртібімен қысқарту туралы өтініш білдірді. Оның талаптары бойынша қызы талап арыздан бас тартып, ал әкесі оны оқу кезінде қолдауға міндеттелді, - деп хабарлады Успен аудандық сотынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060347-pavlodar-oblysynda-19-zastagy-qyz-sotqa-zuginip-akesinen-zogary-oqu-aqysyn-toleudi-talap-etken/