Жедел жәрдем жүргізушісіне жасалған шабуыл туралы жаңа дерек шықты
Жарияланған күні:
Щучье қаласындағы жанар-жағар май құю бекетінде болған шабуылдан кейін жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Бурабай көпсалалы ауданаралық ауруханасының қабылдау бөлмесінің көмегіне жүгінді. Бұл туралы "ҚазАқпарат" хабарлады.
Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 ақпанда екі фельдшер мен жүргізушіден тұратын №2 жедел жәрдем бригадасы HYUNDAI санитарлық көлігімен Щучье қаласындағы жанар-жағар май құю бекеттерінің біріне барған.
"Жанар-жағар май құю кезінде жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен Ресейде тіркелген мемлекеттік нөмірдегі Toyota Land Cruiser 200 автокөлігінің жүргізушісі арасында жанжал туындаған.
Соның салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне дене жарақаты салынған. Оқиғадан кейін ол медициналық көмек көрсету және одан әрі бақылау үшін Бурабай көпсалалы ауданаралық ауруханасының қабылдау бөлмесінің көмегіне жүгінді, - деп түсіндірді басқармадағылар.
Еске салайық, бұған дейін Щучьеде жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адам ұсталғанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060390-zedel-zardem-zurgizusisine-zasalgan-sabuyl-turaly-zana-derek-syqty/