Жаңаөзенде жұрт сыйлыққа таласты: әкімдік пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русскомӘлеуметтік желіде Жаңаөзенде сыйлыққа таласып, қысылып қалған адамдардың видеосы тарады. Бұл жағдайға Жаңаөзен әкімдігінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жаңаөзенде болған жайттың видеосы ZTB Qazaqstan Telegram-арнасында жарияланды. Бейнежазбадан ығы-жығы адамның бір нәрсеге таласып, бірін-бірі қысып жатқанын көруге болады. Оқиға кеше, 11 ақпанда болған.
Жаңаөзендегі төбелеске қатысты жағдайға қала әкімдігі түсініктеме берді.
"2024 жылғы 11 ақпанда науқан ұйымдастырушылары Жаңаөзен қаласындағы бес жұлдызды қонақүйге тегін жолдамалар мен смартфондар таратты. Кәсіпкерлер бұл әрекетін жергілікті атқарушы органмен келіспеген", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.
Сондай-ақ әкімдік кәсіпкерге айыппұл салынғанын атап өтті.
"Кеше азық-түлік таратып жатыр деген хабар шықты, бірақ олай емес. Науқанға қатысушылар смартфондар мен қонақүйге жолдама алу үшін таласқан", - деп атап өтті әкімдік өкілдері.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі науқанды ұйымдастырған адам да назардан тыс қалмағанын хабарлады. Науқанды гүл сататын дүкеннің иесі ұйымдастырған.
"Полиция гүл дүкенінің иесін көлік қозғалысына кедергі келтіргені үшін жауапкершілікке тартты", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060479-zanaozende-zurt-tegin-syilyqqa-talasty-akimdik-pikir-bildirdi/