Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда такси жүргізушісін өлтірген жасөспірімдер 12 жылға сотталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Такси белгісі орнатылған көлік
Такси белгісі орнатылған көлік. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыда такси жүргізушісін өлтірген кәмелетке толмаған екі бала бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық соттың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Іс Алматы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылғы жаз айында сотталушылар Г. мен Х. Шымкент-Алматы бағытында такси шақырған. Айыпталушылар өздеріне көрсетілген қызмет үшін 40 мың теңге төлемеу үшін таксисті өлтіріп кеткен.

Айтуынша, жасөспірімдер жүргізушіге бірнеше рет пышақ сұққан, жүргізуші сол жерде көз жұмған. Кейін олар жүргізушінің көлігін айдап, телефонын ұрлап кеткен.

Жігіттер сотта өз кінәларын мойындамаған.

"Алқабилер алқасының үкімімен сотталушылар Г. мен Х. заңсыз қасақана адамды өлтіргені үшін (Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша) кінәлі деп танылып, әрқайсысы 12 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген сот мәлімдемесінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060502-almatyda-taksi-zurgizusisin-oltirgen-zasospirimder-12-zylga-sottaldy/