Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында ХҚКО басшылары мен қызметкерлері ұсталды (видео)

Жарияланған күні:

ХҚКО қызметкерлері қамауға алынды
Қамауға алынған ХҚКО қызметкерлері : Видеодан үзінді: polisia.kz

Оңтүстік өңірлердегі ХҚКО басшылары мен қызметкерлері жүргізуші куәлігін заңсыз берді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның ақпараттық медиа порталының хабарлауынша, Жамбыл облысында полицейлер еліміздің оңтүстік облыстарының, атап айтқанда, Жамбыл, Түркістан облыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарынан құралған қылмыстық топтың жолын кесті.

"Күдіктілердің ұзақ уақыт бойы тиісті дайындығы және тәжірибелік көлік жүргізуі жоқ тұлғалардан ақшалай сыйақы алып, жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқаны анықталды.

Қылмыстық схемаға ХҚКО-ның қызметкерлері және жоғарыда аталған аймақтардан жүргізуші куәлігін алғысы келетін клиенттерді іздестіріп, оларға Тараз қаласынан беріп отырған "көмекшілер" кірген", – делінген хабарда.

12 ақпанда Жамбыл және Түркістан облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында күдіктілерді жұмыс және тұрғылықты жерінде ұсталған. Олардың арасында ХҚКО басшылары мен лауазымды тұлғалары бар.

"Тіркелген қылмыстық істер аясында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, жүргізуші куәлігін заңсыз берудің 35 фактісі анықталып, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен орындаушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060510-zambyl-oblysynda-xqko-bassylary-men-qyzmetkerleri-ustaldy-video/