Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдің оңтүстігінде ХҚКО қызметкерлерінің жаппай ұсталуына қатысты жаңа дерек шықты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Видеодан кадр: polisia.kz

Бүгін жүргізуші куәлігін заңсыз берді деген күдікпен халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылары мен қызметкерлері ұсталды. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өкілдері мән-жайды айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылары мен лауазымды тұлғаларын ұстау мемлекеттік корпорацияның қауіпсіздік қызметінің құқық қорғау органдарына берген ақпараты бойынша жүргізілді.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ қауіпсіздік қызметі жүргізген тексеру барысында жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактілерін анықтады. 2023 жылғы 14 қыркүйегінде ішкі қауіпсіздік қызметкерлері растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына тапсырды", - деп хабарлады мемлекеттік корпорация өкілдері.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында заттай айғақтарды тінту жүргізілуде. Тергеу барысындағы басқа мәліметтерді жария етілмейді.

"Мемлекеттік корпорация өз құзыреті шегінде қызметкерлер арасындағы құқықбұзушылықтардың жолын кесу бойынша үнемі шаралар жүргізіледі", - делінген баспасөз қызметінде.

Айта кетсек, бүгін Жамбыл облысында полицейлер еліміздің оңтүстік облыстарының, атап айтқанда, Жамбыл, Түркістан облыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарынан құралған қылмыстық топтың жолын кескен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060560-eldin-ontustiginde-xqko-qyzmetkerlerinin-zappai-ustaluyna-qatysty-zana-derek-syqty/