Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қол көтерсе, отбасын сақтап қалуға кеңес бермеймін": депутат Тұрлыхановтың отбасындағы жағдай туралы айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Спортшы
Фото: olympic.kz

Парламент мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева Дәулет Тұрлыхановтың ұлдары мен жиенінің әйелдерге қол көтеруіне, жалпы осы тақырып төңірегіндегі сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ОКҚ-да өткен брифингте мәжіліс депутаты Дементьева "бұл тақырып оған әйел және ана ретінде өзекті мәселе" екенін атап өтті. Алайда ол Тұрлыхановтың отбасында не болып жатқаны туралы нақты пікір білдіре алмайтынын айтты.

"Егер әркімнің отбасы туралы айтатын болсақ, мінсіз отбасы жоқ. Егер отбасым туралы айтар болсам, тұрмыс құрғанмын, менде де қиындықтар мен түсініспеушіліктер болады. Біз мәселені шешуге тырысамыз. Біз ұрыспаймыз деп айта алмаймын, маған ұрыспайтын бір отбасын көрсетіңізші.

Қол көтеруге келетін болсақ, мен оған үзілді-кесілді қарсымын. Егер бір рет қол көтерсе, отбасын сақтауға кеңес бермеймін. Жанжалға келетін болсақ, талқылай алмаймын. Біз камерадан не болғанын және қалай болғанын көрмедік.

Бірақ мен қол көтеруге қарсымын. Отбасындағы жанжалдарды жеке шешу қажет. Әріптестерімнің радикалды сипаттағы мәлімдемелерін қолдамаймын", - деді депутат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060731-qol-koterse-otbasyn-saqtap-qaluga-kenes-bermeimin-deputat-turlyxanovtyn-otbasyndagy-zagdai-turaly-aitty/