Алматыда үш автобус соқтығысқан жол апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері үш автобус соқтығысқан жол апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Оқиға салдарынан зардап шеккен 14 адам Алматы қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді, олардың барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілді. Кейін 10 адам тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық ем алуға жіберілді, үшеуі мамандандырылған бөлімшеге жатқызылды. Біреуі ауруханаға жатқызудан бас тартты", - деп хабарлады басқармадан.
Олар науқастар негізінен бас жарақатымен, жабық бассүйек жарақаттарымен және аяқ-қолының көгеруімен түскенін атап өтті.
"Үш адам Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінде ем қабылдап жатыр, жағдайлары орташа ауыр", - деді басқармадағылар.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең Алматыда үш автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан жол апаты болды. Құқық қорғау органдарының мамандары да зардап шеккендер барын хабарлаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060752-almatyda-us-avtobus-soqtygysqan-zol-apaty-zardap-sekkenderdin-zagdaiy-belgili-boldy/