Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еңбек министрі 750 мың теңге зейнетақы алатын қазақстандық туралы айтып берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрі Светлана Жақыпова ведомствоның алқа отырысында 750 мың теңге зейнетақы алатын азаматтың қандай жалақы алғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлады.

Светлана Жақыпова Қазақстанда 750 мың теңге зейнетақы жалақы алатын азамат барын растады.

"Бұл адам 1998 жылдан бері жоғары жалақы төленетін жұмыста еңбек етті. Шамасы ол максималды төлем салып отырған. Менің ойымша, ол сол кезде конвертпен алмай, әр жалақы сайын 10 пайызын тікелей аударып отырғаны жарап тұр. Мен барлығына осындай зейнетақы тілеймін", - деді Светлана Жақыпова.

Еске салайық, 2024 жылдан бастап Қазақстанда базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге, орташа зейнетақы – 57 853 теңге, Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетен зейнетақы мөлшері – 30 384,9 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060794-enbek-ministri-750-myn-tenge-zeinetaqy-alatyn-qazaqstandyq-turaly-aityp-berdi/