"448 млн теңгеге жанармай сатқан": Ақмола облысында бес әскери қызметші сотталды
Жарияланған күні:
Ақмола гарнизонының әскери соты ұрлық жасады және қызметке немқұрайды қарады деп айыпталған Ұлттық ұланның бес әскери қызметшісіне үкім шығарды, деп хабарлайды Kazinform.
Агенттік соттың материалдарына сілтеме жасай отырып жазуына қарағанда, төрт әскери қызметші үш жыл ішінде - 2019 жылдан 2022 жылға дейін - әскери бөлімнің жанар-жағармай материалдарын ұрлаумен айналысқан. Олар жанармайды сатқан.
Соттың мәліметінше, осы уақыт ішінде сотталушылар 448 млн теңге "табыс тауыпты". Барлығы қызметтік жағдайын пайдалану кезінде алдын ала сөз байласу арқылы ЖЖМ ұрлағаны үшін сотталған.
Бесінші сотталушы, соттағылардың айтуынша, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған немқұрайдылық танытқан - ол әскери бөлімнің ЖЖМ қызметін бақыламаған. Бұл материалдық шығынға әкеп соққан.
Айыпталушылардың кінәсі толығымен дәлелденгені атап өтілді. Нәтижесінде төрт адам Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі - "ұрлық" бойынша 9 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге сотталды. Бесінші сотталушы Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі бойынша "ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке немқұрайлы қарау" бойынша кінәлі деп танылды. Ол 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Сотталғандардан ортақ тәртіпте келтірілген материалдық залал өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060831-aqmola-oblysynda-bes-askeri-qyzmetsi-sottaldy/