Астанада ер адам интимді фото-видеоларын таратпау үшін бопсалаушыға 3 млн теңгеден астам ақша берген
Жарияланған күні:
Читать на русскомАстанада бір ер адам екінші бір ер адамды интимді суреттері мен видеоларын желіге жариялайтынын айтып, бопсалап, ірі көлемде ақша талап еткен. Осы уақыт ішінде елордалық жігіт бопсалаушыға 3 миллион теңгеден астам ақша берген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"40 жастағы ер адам бір ай ішінде астаналық тұрғыннан 4 миллион теңгеден астам ақша бопсалаған. Бопсалаушы жәбірленушінің интимдік сипаттағы фотолары мен видеоларын әлеуметтік желілерге таратамын деп қорқытқан. Осы уақыт ішінде ер адам бопсалаушыға 3 миллион 400 мың теңге беруге мәжбүр болған", — делінген ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық порталында жарияланған хабарламасында.
Жәбірленуші кезекті бопсалау оқиғасынан кейін полицияға хабарласқан – бұл жолы одан бір жарым миллион теңгеден астам ақша талап еткен.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, күдікті ақша алып жатқан кезінде көлік тұрағында ұсталған. Полицияның мәліметінше, ол бұрын сотты болған.
Қазір бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060999-astanada-er-adam-intimdi-foto-videolaryn-taratpau-usin-bopsalausyga-3-mln-tengeden-astam-aqsa-bergen/