Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкімдік өкілдері Екібастұзға барар жол бойындағы алып "мұз қамалының" неден пайда болғанын айтты (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Мұз
Мұз. Видеодан кадр: instagram.com/asshot

Журналист Асхат Ниязов Екібастұзға барар жолдағы ерекше алып мұздың видеосын жариялады. Қалалық әкімдік оның қалай пайда болғанын түсіндірді.

Видеоны Асхат Ниязов Instagram-дағы парақшасында жариялады. Кадрлардан Екібастұзға барар жолда далада "мұз қамалына" ұқсайтын алып мұзды көруге болады.

"Менің түсінуімше, бұл мұздық Екібастұздағы апаттан кейін пайда болған. Қаншама су төгілді, өйткені әлі де құбырдан су ағып жатыр.

Бұл "мұздық" жақында ери бастайды, ол жердің қасына бару қауіпті. Сондықтан ішке кірмеңіз. Ол сыртынан да әдемі", - деді Ниязов видеосында.

Екібастұз қаласының әкімдігі өкілдері Kazinform агенттігіне "мұз қамал" апат салдарынан пайда болғанын айтты. Атап айтқанда жылу желілерінің емес, су құбырындағы ақаудан кейін осылай болған.

"Бұған дейін Лесхоз ауданында су құбыры жарылып, соның салдарынан мұз кесектері пайда болған, ақау жойылды. Магистральдық су құбырын қайта құру жобасы 2024 жылға жоспарланған. Қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Жарылған жерлер анықталған жағдайда оларды жою бойынша шұғыл жұмыстар жүргізіледі", - делінген ведомство хабарламасында.

Әкімдіктегілер бұл аумақты қалпына келтіретін мердігер белгілі болғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061065-akimdik-okilderi-ekibastuzga-barar-zol-boiyndagy-alyp-muz-qamalynyn-neden-paida-bolganyn-aittyvideo/