Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлсай маңындағы қонақүйдің кәріз суы көл аңғарына төгілген (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
көл
Көл. Көрнекі фото: instagram.com/aqmola_tjd

Қонақүй кәріз суын Алматы облысындағы Көлсай көліне апаратын шатқалға төккен – жергілікті тұрғындар кәріз құбырларын тауып алған. Әкімдік осы жайтқа пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген видеолар Instagram-дағы kris_p_akimat парақшасында жарияланды. Бейнежазба авторының айтуынша, жалға алушы септик құбырларын жыраға жүргізіп, жасырып қойған.

Бұл дерек бойынша Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне заңбұзушылық анықталғанын растады.

"Көлсай көлінің бойында "JS TRAVEL" ЖШС-нің кәріз суларын ағызуына қатысты жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша заңбұзушылықтар анықталды. Заңбұзушылықтар туралы хаттама жасалып, 2024 жылғы 18 ақпанда Кеген аудандық полиция бөлімінде тіркелді.

Акт Алматы облысының экология департаментіне заңнамаға сәйкес қарауға жолданды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сонымен қатар компанияға одан әрі әрекет ету үшін қоршаған ортаны қорғау департаментіне келу туралы хабарлама жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061902-kolsai-manyndagy-qonaquidin-kariz-suy-kol-angaryna-togilgen-video/