Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстан облысының әкімі жылына 100 млн теңге жұмсалатын резиденцияда тұрады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Оралдағы резиденция
Оралдағы резиденция. Фото: time.kz

Батыс Қазақстан облысының әкімі Орал қаласындағы резиденциясында тұрады. Оны жыл бойы күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен 100 миллион теңге кетеді, деп жазады "Время" газеті.

Басылымның хабарлауынша, жоғары мәртебелі қонақтарды Батыс Қазақстан облысына іссапармен келген кезде қабылдауға арналған Оралдағы кешен осыдан 20 жыл бұрын салынған.

Ресми тұлғалар қанша рет түнеп шыққанын нақты айту мүмкін емес. Жиі түнемейтін сыңайлы. Әдетте, жоғары лауазымды тұлғалардың облысқа іссапарлары қысқа мерзімді әрі жұмыс күнімен шектеледі.

Дегенмен, тұрғын үй кешенін күтіп ұстауға жыл сайын қазынадан 100 миллион теңге жұмсалады. Бұл жөнінде өңір басшысы Нариман Төреғалиев 2023 жылдың қорытындысына арналған брифинг барысында айтты.

Жиі пайдаланылмаса да, облыс резиденцияны күтіп ұстаудан бас тарта алмайды.

"Бұл ерекше маңызды нысан, онда заңда қарастырылған арнайы тәртіп бар. Ғимарат мемлекеттік қызметкерлер келген кезде пайдалануға арналған. Оларды қайда апарамыз?"- деген Батыс Қазақстан облысының әкімі резиденцияны тапсыру жоспарда жоқ екенін айтты.

Журналистердің сұрағына жауап берген Нариман Төреғалиев қазір резиденцияда өзі тұратынын растады, өйткені оның басқа баспанасы жоқ. Өңір басшысы коммуналдық қызмет ақысын өз қаражатынан төлейтінін айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061965-batys-qazaqstan-oblysynyn-akimi-zylyna-100-mln-tenge-zumsalatyn-vip-rezidenciyada-turady/