Алматы – Камран және Астана - Дубай рейстері не себепті кешіккені белгілі болды
Жарияланған күні:
Азаматтық авиация комитеті Алматы – Камран және Астана - Дубай рейстері неліктен кешіккенін түсіндірді. Бұл туралы комитеттің Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Комитет ақпаратынша, 20 ақпандағы Vietjet әуе компаниясының Алматы – Камран бағытындағы VJ 062 рейсі кесте бойынша сағат 02:05-те ұшуға тиіс болған. Алайда техникалық себептерден ұшақтың кешігіп келуіне, сондай-ақ экипаждың жұмыс уақыты ережелеріне байланысты рейс кейінге шегерілген. Рейстің ұшуы 20 ақпандағы 23-00-ге жоспарланған.
"Қазақстандағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес, барлық жолаушылар қонақ үйге орналастырылған, оларға сусындар, ыстық тамақ берілуде", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Комитет өкілдерінің мәліметінше, Fly Dubai әуекомпаниясының Астана-Дубай бағыты бойынша 19 ақпандағы FZ 1304 рейсі бастапқыда 19 ақпан сағат 05-05-те ұшады деп жоспарланған, алайда техникалық ақаулық себебінен рейс 20 ақпан сағат 21-30-ға дейін кешіктіріледі.
"Жолаушылар қонақ үйге орналастырылады, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес сусындар, ыстық тамақ берілуде. Сондай-ақ жолаушыларға әуе билеттерін қайта брондау және толық қайтару ұсынылды", - деп мәлімдеді ведомстводан.
Ал, Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, туристік пакет шеңберінде әуе билеттерді сатып алған жолаушылар туроператорларға хабарласуы қажет.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061999-almaty-kamran-zane-astana-dubai-reisteri-ne-sebepti-kesikkeni-belgili-boldy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.