"Ішік әпермеді деп сотқа берген": вице-министр қандай жағдайларды қаржылай абьюз деп атауға болатынын айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомІшкі істер вице-министрі Игорь Лепеха бүгін мәжіліс кулуарында отбасындағы қаржылай абьюз деген не екенін және Қазақстанда бұл үшін жаза қарастырылғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Журналистер ішкі істер вице-министрінен қандай жағдайларды "қаржылай абьюз" деп есептеуге болатынын сұраған.
"Зорлық-зомбылық міндетті түрде физикалық сипатта бола бермейді. Бүгінде Қылмыстық кодексте тікелей көрсетілген - қаржылық тәуелділіктегі адамға қатысты әрекет. Егер абьюзер зорлық-зомбылық жасаса, онда бұл ауырлататын мән-жайлар болады", - деп түсіндірді Игорь Лепеха.
Сондай-ақ ол тәжірибеден мысалдар келтірді.
"Мұны әрбір нақты факт бойынша қарастыру керек. Түрлі жағдайлар болады. Біз шетелдік заңнамаларды зерттедік. Бір мемлекетте әйелі күйеуін ішік сатып әпермегені үшін сотқа берген жағдай бар. Оны тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапқа тартқан. Әзірше бізде мұндай мәселе жоқ.
Мәселе нақты құқыққа қайшы әркеттерде болып отыр – дене жарақатын салу, ұрып-соғу, әдепсіз сөздер айту - осындай айқын құқықбұзушылықтар. Этикалық деңгей сөз болғанда, мұнда ол реттелмейді", - деп түйіндеді сөзін Игорь Лепеха.
"Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" заңда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың мынандай түрлері келтірілген:
- Күш көрсету зорлық-зомбылығы - дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру.
- Психологиялық зорлық-зомбылық - адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқықбұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.
- Сексуалдық зорлық-зомбылық - адамның жыныстық тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер.
- Экономикалық зорлық-зомбылық - адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062198-isik-apermedi-dep-sotqa-bergen-vice-ministr-qandai-zagdailardy-qarzylai-abyuz-dep-atauga-bolatynyn-aitty/