Алматы облысында өзен суының деңгейі күрт көтерілді: оқиға орнына жедел топ аттанды
Жарияланған күні:
Алматы облысында Қапшағай ГЭС-тен 164 км жоғары Іле өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейінің күрт өсуі байқалған. Оқиға орнына жедел топ жіберілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Алматы облысы ТЖД-ға 21 ақпанда Қапшағай ГЭС-тен 164 км жоғары Іле өзенінің гидрологиялық бекетінде, посттан төмен мұздың кептелуі нәтижесінде су деңгейінің күрт өсуі байқалғаны туралы ескерту түскен.
"21 ақпанда сағат 8.00-дегі тексеру нәтижесі бойынша су деңгейі 462 см болды, қыста шектік су деңгейі - 500 см", - делінген хабарда.
Ведомство мәліметінше, Іле өзенінің сағасынан ықтимал судың жайылуын көзбен шолып тексеру және бағалау үшін жедел топ жіберілді.
"Елді мекендерге қауіп төнген жағдайда шаралар қабылданады", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062263-zurt-evakuaciyalanuy-mumkin-almaty-oblysynda-ozen-suynyn-dengeii-kurt-koterildi/