Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәслихат отырысында бейәдеп сөз айтқан депутат Тимур Елеусізовке айыппұл салынды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Тимур Елеусізов
Тимур Елеусізов. Фото: instagram.com/timur_yeleussizov

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Тимур Елеусізовке кешегі өткен мәслихат отырысында бейәдеп сөз айтқаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мен полиция бөліміне келдім, түсіндірме хат жаздым. Олар мені 434-бап "ұсақ бұзақылық" бойынша жауапқа тартты. Қателік жасағанымыз үшін жеке жауапты болуымыз керек. Бұл әркімнің заң алдында бірдей екенін көрсетеді1, - деді депутат Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, кеше мәслихат отырысында Тимур Елеусізов сөз сөйлеу барысында бейәдеп сөздер айтқан болатын.

Елеусізовтің баяндамасы Алматы қаласының ветеринариялық қызметін Қоршаған ортаны қорғау департаментіне беру мәселесіне арналған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062435-maslixat-otyrysynda-beiadep-soz-aitqan-deputat-timur-eleusizovke-aiyppul-salyndy/