Top.Mail.Ru
RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Алматыда тағы жер сілкінді: сейсмолог халықты дүрлікпеуге шақырды (видео)

Жарияланған күні:

Сейсмограф
Сейсмограф. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Төтенше жағдай министрлігіне қарасты Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының маманы Алматы қаласында сезілген жер сілкінісіне қатысты мәлімдеме жасап, халықты дүрлікпеуге шақырды. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазір Алматыда жағдай қалыпты. Жер сілкінісі көршілес жатқан Қытай мемлекетіндегі жер сілкінісінің афтершогы болып саналады. Бұның Алматы қаласында шамамен 2-4 балл аралығында сезілуі фондық жағдай. Халықтан дүрбелең салмай, тыныштық сақтауын сұраймыз", - дейді Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының маманы Елизавета Есенжігітова.

Оның айтуынша, Алматы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан, қалада айына бірнеше жер сілкінісі тіркеледі.

"Жүздеген жер сілкінісі тіркелуі мүмкін, бірақ 2-4 балл көлеміндегі жер сілкінісі адамға сезілген болса, бұл қорқыныш тудырмайды. Себебі бұл осы өңірге тән фондық режим", - дейді ол.

Айта кетейік, бүгін сағат 10:08-де Алматыда жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Сондай-ақ бүгін, 23 ақпанда Қазақстан бойынша ауқымды сейсмикалық жаттығулар өткізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062605-almatyda-tagy-zer-silkindi-seismolog-xalyqty-durlikpeuge-saqyrdy-video/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif