Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар, тұман және көктайғақ: алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

шырша
Шырша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 24-26 ақпан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің солтүстігінде аяздың беті қайтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Еліміздің батысында антициклонның әсері сақталады, күн жауын-шашынсыз болады", - делінген ауа райы болжамында.

Болжам бойынша, атмосфералық фронттардың өтуімен еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын көбіне қар түрінде жауады, тұман, көктайғақ болады.

"Еліміздің батысындағы температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы:

  • республиканың солтүстігі мен орталығында түнде -22...-35℃ аяздан -10...-23℃ аязға дейін жоғарылайды;
  • шығыста түнде -12...-22℃ аяздан -23...-38℃ аязға дейін төмендейді;
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыста -8...-23℃ аязға дейін төмендейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062629-qar-tuman-zane-koktaigaq-aldagy-kunderi-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/